✨ Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат ✨
Ыбырай Алтынсарин кітапханасымен бірлесе отырып, Наурызнама аясында «Салт-дәстүр күніне» арналған тағылымы мол іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында қазақ халқының бай мұрасы – салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталды. Оқушылар ата-бабадан қалған асыл дәстүрлерді танып, олардың мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Осындай рухани шараның өтуіне атсалысқан кітапхана ұжымына, ұйымдастырушыларға және белсенді қатысушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 💐
Ұлттық дәстүріміз – ұлттың рухани тірегі. Оны сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз 🇰🇿
