Skip to content

✅Спорттың балаға пайдасы ❇️Балалар үнемі қозғалыста жүреді, тыным таппай жүгіру,…

✅Спорттың балаға пайдасы

❇️Балалар үнемі қозғалыста жүреді, тыным таппай жүгіру, секіру — балаларға тән нәрсе. Алайда, дене белсенділігінің белгілі бір түрімен тұрақты түрде айналысу мынадай артықшылықтарға ие:

• Төзімділігі артады.

• Тұрмыстық жарақаттардың алдын-алатындай буындар нығайтылады.

• Мінез шыңдалады — бала үйінде ата-анасына еркелеп, «қалаймын», «істемеймін» деп қылжаққа салатыны бар, ал командада олай жасай алмайды. Бала өзіне жауапкершілік алуды үйренеді.

• “Мақсатқа ұмтылу” деген мінез сауатты құрылған жаттығулар кезінде пайда болады. Жаттықтырушы балалардың алдына мақсат қойып, оларға қол жеткізуді үйретеді.

• Реакция жылдамдығы балаға қауіпті жағдайларда дұрыс бағдар жасауына көмектеседі.

• Ересек өмірге дайындық. Тәртіп пен қозғалыс белсенділігіне үйренген бала ересек жаста да қозғалысқа деген сүйіспеншілігін және мақсатқа жету қабілетін сақтайды.

• Жалпы денсаулық нығаяды, қан айналым жақсарады, өкпе сыйымдылығы артады.

🟥Сондықтан баланы спортқа баулуды ұмытпауымыз керек. Біздің мақсатымыз – алдағы уақытта спорттық үйірмелердің санын арттыру.

❓Сіз балаңыздың спорттың қай түрімен айналысқанын қалайсыз?

Leave a Reply