Шілде айы аяқталуда. Жаз тез өтіп жатыр. Оқу режиміне өту оңайырақ болуы үшін, тамыз айында баланың бұрынғы «мектептегі» күн режиміне біртіндеп оралуды ұмытпаңыз.
Жұмыс аптасы мен демалыс күндерін қалай жоспарлайтыныңызды алдын ала талқылаңыз.
Қашан оқу және қашан серуендеу, достармен кездесу, мектептен кейін үйірмелер немесе секциялар бола ма, демалыс күндері қандай ойын-сауық болады
Бұл балаға жұмыс көңіл-күйін орнатуға көмектеседі және биылғы оқу жылында тек оқу ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық, достарымен кездесулер, мерекелер болатынына сендіреді. #Туркестан #білім #мектеп #білім #жекемектеп #мектепжетекшілері

