Оқушының сабаққа – деген ынтасын қалай оятуға болады?
Баланың алдына айқын мақсат
қойып шабыттандырыңыз.
Түпкі мақсатын түсінбеген оқушы үшін оқу процесі мағынасыз, түсініксіз болып көрінуі мумкін. Баланың білім алудағы басты мақсаты не екенін түсіндіріп, оны нақты түсіне алды ма – көз жеткізіңіз. Сабақты жақсы оқу арқылы жоғары көрсеткіштер
мен бағаларға ие болатынын, оның
нәтижесінде үздік университетке оқуға түсіп, болашақта өзі қалаған іспен айналысуға мүмкіндігі болатынын айтыңыз.
Сонымен бірге, балаға керісінше, сабақты нашар оқыса қандай жағдай орын алуы мүмкін екенін де ескерту керек. Бұл қорқыту емес, баланы шынайы өмірге дайындау.
