Skip to content

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз мерекесі жадыраған жазды…

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз мерекесі жадыраған жазды қарсы алар көктемнің басы болғандықтан, оны қазақтар Самарқанның көк тасы жібіген күн деп те атайды.

💐Бұл бүкіл табиғат ананың тоңы жібіп, жаны кіретін тіршілік басы дегенді білдіреді.

🎊Осыған орай,қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету арқылы оқушылардың санасына қазақ халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, мақсатында “Edulight" білім ордасында “Наурыз- береке бастауы" атты Наурыз-думан өткізілді.

🎉Мерекелік шара барысында оқушылар би билеп, ән-жырдан шашу шашты, күмбірлеген қара домбырамен тартылған күйдің құдіреті жақсы көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік дастархан жайылып, Наурыз көже ұсынылды.

💐Көктем мен жаңаруды айшықтайтын, ырыс пен ынтымақтың мерекесі Наурыз құтты болсын!

Ұлыс бақ әкелсін, ақ мол болып, жыл берекелі болсын! 💐💐💐

Leave a Reply