Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.
Алғыс айту күні – қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін айтулы күн. Бүгін бұл мерекенің кең ауқамды мән-мағынасы бар. Қазақстандықтар осы күні бір-біріне, әкеге, ағаға, әпкеге, ініге, ұстазға, сүйгенге, Елге, Өмірге өз ризашылығын білдереді, құрмет көрсетеді.
Жаңа көктеммен, жаңару, Алғыс айту күнімен!
Мектеп ұжымы және оқушыларымыз мерекені ерекше атап өтті! Бір-біріне тілек жазып, сыйлыққа тілек кәмпитін алды.










