Skip to content

Қ.Тоқаев: “Қадірлі отандастарым, мен сіздерді мақтан тұтамын. Осы күндері сабыр…

Қ.Тоқаев: “Қадірлі отандастарым, мен сіздерді мақтан тұтамын.

Осы күндері сабыр сақтап, тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге күш салған Қазақстан азаматтарына алғыс білдіремін.

Арандату мен деструктивті ұрандарға қарамастан заңға және өз елдеріңізге деген адалдықты сақтап қалдыңыздар.

Қастерлі Отанымыз – Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі.

Мен мұны зор сеніммен айтып тұрмын. Өйткені, оған қол жеткізу үшін қажетті реформалар мен нақты іс-шаралар жоспарын ұсынатын боламын.

Баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін.

Тек қана аманшылықта кездесе берейік!”

#түркістан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *