“Eduligth” зияткерлік мектебінің 1 сынып оқушылары Әліппемен қоштасу кешін атап өтті.
1 “Ә” сыныбының кішкентай бүлдіршіндері өздеріне әріп танытқан Әліппеге ерекше алғыстарын білдірді. Мектеп табалдырығын аттағалы бойға жиған өнер-білімдерін паш етіп, көрермендерді де тәнті етті. Сондай-ақ өздеріне әріп үйреткен ұстаздарға да бүлдіршіндер құрмет көрсетіп, ән-жырдан шашу шашты.
Әліппе – барлық баланың алғашқы кітабы, жол бастаушысы. Әріп таныған бала білім әлеміне еркін бойламақ🤗








