🏫Edulight зияткерлік мектебінің оқушылары Райымбек Сейметов @seitmetov_theatre театрына Маугли ертегісін тамашалауға барды.
🎭Ертегіде Джунглиде мекен еткен Ана бөрінің Адам баласын емірене өз бөлтіріктерімен тең көруі «Ана» деген ардақты жанның мейірімге толы алақаны мен ыстық құшағының бала үшін теңдессіз бақыт екенін көрсетеді. Жыртқыш қасқырдың өзі жас сәбиді аман сақтап, бауырына басады. Сонымен бірге адамдар арасындағы мейірімділік, қамқорлық секілді жақсы қасиеттермен бірге жауыздық, ашкөздік, екіжүзділік, жағымпаздық әрекеттердің қатар жүретіні белгілі. Алайда, адам баласы бойындағы айбаттылық пен қайсарлықтың арқасында қай кезде де әділетсіздіктің жолын кесе алатындығын дәлелдеп береді.
🎭Нағыз театрдың өзінен көрген қойылымдар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді.
⠀







