Бүгін “Eduligth” зияткерлік мектебінде Әліппемен қоштасу кеші өтті.
1 “А” сыныбының оқушылары Әліппеге алғысын білдіріп, осы уақыт ішінде жиған білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Бүлдіршіндер кітап және озат оқушы жайлы кішігірім қойылым көрсетіп көрермендерді тәнті етті. Онда “Әліппе” оқушыларға да өз алғысын білдіріп, ортаға “Сауат ашу” кітабын шақырды. Балалар Әліппені қимай шығарып салды.
Әліппені бітірген балалар алдағы уақытта граматика мен қоса минутқа оқуға машықтанатын болады.
Тәрбие сағаты соңында оқушыларға озат оқығаны үшін грамоталар табысталды🤗






