✅Бүгін "EduLight" зияткерлік мектебінде "Әкем, Анам және Мен" атты отбасылық сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін бағалы байлық екенін түсіндіру.
🔻Спорттық сайысқа 1 мен 4 сынып аралығындағы:
МӘҢГІЛІК ЕЛ, ТҰЛПАР, ДОСТЫҚ, ҚЫРАН командалары қатысты. Эстафетаның әділ өтуіне "Түркістан" қалалық нөмері 2 спорт мектебінің директоры Сәрсенбаев Ануар Амантайұлы, "Тұран" спорт ойын клубы МКҚК-ның директоры – Бульдуруков Сабыржан Қалдыбекович пен Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі – Ордабай Айдана Турсумахмедқызы қазылық жасады.
🔻Сайыс:
1. Эстафеталық таяқша
2. Аралас эстафета
3. Шеңбермен жүру
4. Меңгерлер сайысы атты турлардан тұрды. Бар күшін ортаға салған ата-ана мен балалар жоғары көрсеткіштер көрсетті. Не дегенмен жарыс бар жерде жеңісте, жеңілісте жүреді. Алғашқы бас жүлдені "Мәңгілік ел" командасы иеленді. 1 орын- Тұлпар командасына, 2 орын – Достық командасына, ал 3 орын – Қыран командасына бұйырды.
🔻Сайыстан керемет әсер алған балалар ата-анасымен байланысын екі есе нығайта түсті.
#eduligth










