〽️Біздің мектебіміздің тағы бір қуанышты жаңалығы – “Сурет” үйірмесінің жетекшісі Бекмұрат Елмұрат Түркістан облысы бойынша Жас суретшілер одағының төрағасы болып сайланды.
❇️Бекмұрат Елмұрат – қылқалам шебері, өзінің дара туындылары арқылы көпшілікке танылып келе жатқан суретші және білікті ұстаз.
“Жас суретшілер одағын құру арқылы біз суретшілердің басын қосуды және олардың өнерлері арқылы қаламыздың мәдениетін өркендетуді көздеп отырмыз. 25-30 қаңтар аралығында Жас суретшілер көрмесі өтеді” – дейді Б.Елмұрат.
✅Балаңыз сурет өнеріне қызықса, “Сурет” үйірмесіне жазылуға болатынын ескертеміз🤗


