✨ Бастауыш апталығының жабылу концерті ✨
Бүгін мектебімізде бастауыш апталығының қорытынды жабылу концерті жоғары деңгейде өтті! 🎉 Бір апта бойы білім мен өнерді ұштастырған қызықты сабақтар, сайыстар мен шығармашылық жұмыстар өз мәресіне жетті.
Концерт барысында оқушыларымыз әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін паш етті. Әр сыныптың дайындығы мен белсенділігі ерекше байқалды. 👏
Бұл апта – балалардың қабілетін шыңдап, өзіне деген сенімін арттырған, ұстаздар мен ата-аналардың бірлігін көрсеткен жарқын кезең болды.
Барлық ұстаздар мен оқушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтамыз! 💐
Алда әлі талай биік белестер бар! 🚀
