Skip to content

БАЛАНЫ КІТАП ОҚУҒА БАУЛУ📚 Балаларды кітап оқуға баулу Еліміздің азаматтары…

БАЛАНЫ КІТАП ОҚУҒА БАУЛУ📚

Балаларды кітап оқуға баулу
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата – аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата – анарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан – ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет – журнал, кітап оқып отырған ата – ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 – 5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *