Edulight мектебінде – спорт пен сергектік мерекесі!
Республика күніне орай мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті 🇰🇿
Бұл жарыс ұстаздардың бірлігін, командалық рухын және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды 💪
Жарыс барысында қатысушылар өз шеберлігін, жылдамдығын және командалық ынтымағын көрсетті.
Көрермендер үшін бұл күн — қызыққа, қуанышқа және көтеріңкі көңіл-күйге толы сәт болды! ✨
🏆 Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.
Барлық ұстаздарымызға белсенді қатысқаны үшін үлкен алғыс!
#Edulight #РеспубликаКүні #Волейбол #ҰстаздарЖарысы #СалауаттыӨмірСалты #БірлікПенРух #EdulightSchool
