♦️Бүгін «EduLight» зияткерлік мектебінде «1 жолтоқсан – Елбасы» күніне орай тәрбие сағаты өтті.
✅Тәрбие сағат мақсаты – ел көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен тасып, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ояту.
Іс-шара ауқымын кеңейту мақсатында барлық сынып оқушыларын қамтуға тырыстық.
Десе де әр сынып әр форматта өткізді. Мәселен,
“1а” сыныбының жетекшісі Нысанбаева Айзат балалармен бірге сурет салып, айтулы күн жайында ақпараттармен бөлісті.
“2а” сыныбы жетекшісі Сайдахмедова Ақмарал сыныпты көгілдір шармен әрлеп, ұл-қыздарына форма кигізіп ерекшеленді.
🟢Бірге тақпақтар мен әндер айтылып, шеберлік сағат соңында болашақ Қазақстан жайлы ойларын стикерге жазып, таныстырды.
“3ә” сыныбы өздерінің тапқырлығын көрсетіп, өзара викторина өткізді. Жетекшісі Жакипова Айжан қатысушы командаларға Қазақстанның тарихы мен рәміздер жайында сұрақтар қойды.
🟢Тәрбие сағатына өз үлесін дайындық сыныбы оқушыларыда косты. Құдыретіллә Ғалия балалармен бірге қағаздан бәйтерек пен гүлдерді қиып, керемет туынды жасап шықты.
Мектеп басшысының айтуынша, мұндай форматтағы сабақтар баланың патриоттық сезімімен қатар, интеллектуалды білімдерін де арттырады.
#түркістан #мектеп #оқушы #кентау #облыс










