🇰🇿Бүгін EduLight мектебінің оқушылары "Менің қалам – менің мақтанышым" атты экскурсияға шықты.
Экскурсия мақсаты – Түркістан қаласының басты бетке тұтар аймақтарын бүлдіршіндермен аралап, патриоттық сезімін ояту.
Алғашқы аялдама 1903 жылы салынған Түркістан теміржолынан бастау алды. Ескі қаланың басты ғимараты өзінде қанша жылдық тарихты сыйдырып отыр.
Келесі Түркістанның жүрегі саналатын Қожа Ахмет Ясауи мавзолейіне жол тартты. Мешіт жанында орналасқан Керуен сарай, Фараби кітапханасы мен Ұлы дала музейімен т.б. ғимараттармен сырттай таныса өтті.
Соңғы және басты аялдама – жаңа қалашық Облыстық әкімдікке қонақтады. Зәулім ғимараттар арасында суретке түсіп, саяхатты аяқтады.




