Құрметті арулар, ардақты аналар!🌷
Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел-Ана өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуында, қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының үлесі жатыр.
Осынау мерекеде Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!🌷
#edulightturkestan #8наурыз #мерекеқұттыболсын

