Skip to content

Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады? Өзіне сенімділік бұл –…

Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?

Өзіне сенімділік бұл – жақсы тәрбиенің жемісі. Тәрбие барлығына белгілі бала құрсақта пайда болғаннан басталады. Сондықтан сәби кездегі тәрбие ананың ақ сүтімен беріледі. Үлкейген соң баламды тәрбиелеп алу өте қиын. Тәрбиені сөзбен емес істеп мысалмен көрсету керек. Ал енді бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

1️⃣Балаңызды әрқашан тыңдай біліңіз.
Бала үш күннен соң жылап өз ойын білдіре бастайды. Сондықтан ата-анасы баланың неге жылағанын біліп ойын ұғыну керек. Бала өсе бастаған соң өзінің ойын ымдап жеткізеді. Жас баланың ымдауын түсініп оның ойымен санасу керек. Баланы есту керек. Сосын тілі шығып сөйлей бастайды. Үлкендер жас баламен сөйлесіп оның ойымен санасу маңызды. Тіпті бұл сырт көзге ыңғайсыз болып көрінсе де балаңызды тыңдай біліңіз. Оны ешқашан елемей кетіп қалуға болмайды. Тек сіздің баламен ақылдасып сөйлессеңіз ғана ол бала тұлға ретінде қалыптаса бастайды. Сонда ғана ол өзіне деген сенімдігі артып болашаққа нық қадам жасай алады. Баланың қиын кезеңдерінде оған демеу болу қажет. Ол кездер

2️⃣Балаңызды уақытында мақтай біліңіз:
Балаңыз өзінің еңбегінің бекер еместігін сезіну үшін оны мақтай біліңіз. Әрине өз шегі бойынша. Мақтаншақ бала ешкімге ұнамасы анық. Сондықтан ретімен мақтау керек. Жылы сөздер бәрінен артық.

Жалғасы➡️карусельде

Балаңызға жақсы дос, көмекші, жақсы ата-ана болуға тырысыңыз. Сонда ғана өзіне сенімді бала тәрбиелей аласыз.

Leave a Reply