👨💻Озат оқушы – Алинұр.
Бала жетістігі ата-анаға мақтаныш, ұстазға мәртебе. Әрбір оқушының биіктеу жолында біз де аянбаймыз.
✅Жыл біз үшін қуанышты жаңалықпен басталды. Оқушымыз Әмір Алинұр – Қазақстан Республикасы “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғалыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауда дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті үшін “Қазақстан Республикасының дарынды оқушысы” атты төсбелгісімен марапатталды.
✅ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдвқ мерейтойына орай өткізілген “Тәуелсіздік тірегім-елтаңбам елдігім” атты Республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанғаны үшін “ Мен Қазақстан патриотымын” төсбелгісімен марапатталып, куәлік алды
〽️Әлинұр 2022-2023 оқу жылының 1- сынып оқушысы. Оқуда озат, қиялы жүйрік бала өзінің алғырлығын дәлелдеп келеді. Осы кезге дейін шахмат турнирлерінің, зияткерлік олимпиадаларының жеңімпазы. Өзінің айтуынша, ол туған жері мен ата-анасының мақтанышына айналғысы келеді.
