☀️18- Мамыр күні "Edulight" Зияткерлік мектебінде 1-3 сынып оқушылар арасында мектеп-ішілік “Жігіт сұлтаны-2022” сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
Сайыста жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетті.
“Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” шығады.
Сайыстың жеңімпаздары
Бас жүлде: Жасұланұлы Айбар
І-орын Мэлс Алихан
ІІ-орын Абдиев Жақсылық
ІІІ-орын Спандияр Ақарыс
ІІІ-орын Сағынтай Нұрғиса
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта, алар асуларың көп болсын!










