1. Шахмат атауының шығу төркіні
Шахмат 6-шы ғасырда ежелгі үнді ойыны кезінде шыққан. Оның атауы ежелгі және орта ғасырлардағы үнділердің әдеби тілінен аударғанда шахматтағы пешка, ат, піл және ладья ұсынылған жаяу әскер, атты әскер, піл және соғыс арбалары кіретін «әскердің төр бірлігі» деген мағына береді.
2. Соқыр шахмат
Соқыр шахмат – бұл ойыншының шахмат тақтасына қарамай-ақ, барлық қадамдарды жасайтын ойын нұсқасы. Әдетте, ойында барлық тастардың орнын ауыстырып отыратын делдалдық етуші үшінші адам болады.
Соқыр шахмат ойнау әдісі көптеген мықты шахматшыларда болатын керемет қабілет.
3. Шахматтық компьютерлердің күші
Қазір шахматтық компьютерлер шахматтың маңызды бөлігі болып табылады. Шахмат тарихында ең мықты ойыншы саналатын әлем чемпионы Гарри Каспаров, 1997 жылы Deep Blue компьютерінен ұтылып қалып, бүкіл жұртты таңғалдырды. Оның шахматтық компьютерлерден жеңілуі шахмат әлемі үшін шынайы соққы болды.
4. Ұйықтап қалмау үшін қойылатын шахмат сағаты
Бастапқыда шахмат ойындары сағатсыз ойналатын. Сонымен қатар, ойыншылар бір-бірін шаршатып, тіпті бірнеше күн қатарынан ойнай алатын болған. 1851 жылы шахмат турнирінде төрешінің көмекшісі шахмат паритиясына «ойыншылар ұйықтап қалғандықтан ойын аяқталмады» деген қорытынды жасады.
Осыдан кейін, бір жыл өткен соң халықаралық турнирде уақытты бақылау үшін сағат қойылатын болды. Ал 1883 жылы британдық Томас Уилсон жасаған алғашқы механикалық шахмат сағаты пайда болды.
5. Шахмат және біздің миымыз
Психологтар жиі шахматты есте сақтаудың тиімді жолы деп атайды. Ол сондай-ақ күрделі мәселелерді шешуге және түрлі идеяларды ойлауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болар, дәрігерлер альцгеймер ауруымен күресу үшін науқасқа шахмат ойдауды ұсынады.
Көптеген адамдар шахматты табиғатынан жоғары интеллектке ие адамдарға арналған ойын деп есептейді. Бұл шын мәнінде шындық. Бірақ сіз де шахмат ойнау арқылы ойлау қабілетіңізді айтарлықтай жақсарта аласыз.

